Қызылорда облысында кент әкімі сайланды
Қызылорда облысында биыл 29 ауылдық округтің әкімі жаңадан сайланады. Соның алғашқысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде өтті.
Аудан орталығы саналатын елді мекенге әкім болуға 3 кандидат тіркелген. Дауыс беру құқығына ие 7376 сайлаушының 65 пайызға жуығы дауыс беру процесіне қатысып, таңдауын жасаған. Нәтижесінде көп дауыс жинаған Нұржан Бисембаев Тереңөзек кентінің әкімі боп сайланды. Заң бойынша ауыл әкімдерінің қызмет ету мерзімі: 4 жыл. Жалпы, былтыр өңірде 56 кент пен ауыл әкімі сайланған.
Абай Тағыберген, аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:
Биыл Қызылорда облысы бойынша 29 әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталады. Соған сәйкес 29 ауылда әкім сайлауы ұйымдастырылады. Осы кезде қазір 2 ауылдық округ бойынша науқан басталып кетті. Қалған 27 ауылдық округы өзінің мерзімінде 4 жыл мерзімі болған кезде сайлау процесі ұйымдастырылады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17