Ақ Олимпиада: 4-күні спортшыларымыз нәтиже көрсете алмауда
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні басталды. Бүгін спортшыларымыз шаңғы жарысы, шорт-трек, фристайл-могул, биатлон және мәнерлеп сырғанау бойынша өнер көрсетеді.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы классикалық спринтер бойынша іріктеу сайысы аяқталды. Өкінішке қарай, қыздарымыз үздік 30-қа кіре алмады. Дәл осы жарыстың ерлер арасындағы нәтиже де көңіл көншітпейді. Жігіттер жетпіс пен сексен арасындағы орындарды алды. Ал үздік отыздыққа енгендер ширек финалға жолдама алды.Сондай-ақ шорт-тректен сайыстар басталды. 500 метрде бақ сынаған, алғаш болып жарысты бастаған Ольга Тихонова іріктеуден өте алмады. Өз тобында соңғы болып келді. Яна Хан да, өкінішке қарай, осы қашықтықтағы сайысты аяқтады. Ол бірінші айналымда аяғы тайып құлап, көш соңында қалып қойды. Ал ту ұстап шыққан Денист Никишаның бұл үшінші Олимпиадасы болғанымен, Ақ ойындарда 1000 метрде бірінші рет бақ сынады. Ол іріктеуде мәре сызығын үшінші болып кесті. Өкінішке қарай, ол да осы қашықтағы жарысты аяқтады. Артынша аралас командалық бәсеке өтті. Ұлттық құрама өз тобында төртінші болып, жартылай финалға өте алмады. Сондай-ақ фристайлдың могул түрінен ерлер арасында бірінші іріктеу сайысы өтті. Отандасымыз Павел Калмоков, 9-орымен үздік ондыққа кіріп тікелей супер финалға жолдама алды. Бұл дегеніміз Павел жүлдеге таласады деген сөз.
- Алда қандай жарыстар бар?
Алда биатлоннан ерлер арасындағы 20 шақырымдағы жекелей жарыс, фристайлдың могул түрінен әйелдер арасында іріктеудің бірінші кезеңі өтеді. Сондай-ақ түнгі 22:10-да еліміздің үздік мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада өнер көрсетеді. Еліміздің үміті жақсы сырғанап шығатынына сенеміз және жанкүйер боламыз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16