Тимур Сүлейменов: Халыққа несие беру азаяды
Ел экономикасы мен қаржы секторы жайында есеп берген Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жинағынан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдатуды жоспарланғанын айтты. Бұл шешімді келешекте зейнетақы мөлшері төмендеп кетпеуі үшін қажет деп түсіндірді. Тимур Сүлейменов өткен жылы зейнетақы активтері 12%-ға өсіп, 25,1 триллион теңгеге жеткенін айтты. Ал инвестициялық табыс 1,8 триллион теңгені құрады.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
Биыл Ұлттық қорға ұқсас, ұзақмерзімді кірісті арттыру үшін акциялар мен баламалы құралдар сияқты активтердің жоғары кіріс түрлерінің үлесін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейі үшін алмастыру коэффициентін арттыру қажет деп санаймыз. Бұл жинақтарды мерзімінен бұрын алу шектеріне қойылатын талаптарды қатаңдатуды талап етеді.Сондай-ақ Тимур Сүлейменов биыл халыққа кредит беруді азайту үшін қосымша шаралар қабылданатынын айтты. Жалпы, халыққа несие беруді азайту мәселесі былтырдан қолға алынған. Соның арқасында банктердің жеке тұлғаларға кредит беруі әлдеқайда азайды. Тек автокредит беру қарқыны төмендеген жоқ.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00