Түркістанда көпірді су шайып кетті
Түркістан облысының Сауран ауданында нөсер жауып, Абай мен Көксарай ауылдарын жалғаған жалғыз көпірді су шайып кетті. Тұрғындардың айтуынша, көпір былтыр ғана жөнделген. Сондай-ақ Көксарай елді мекенінде электр бағаналары бүлініп, жарық сөнген. Көрші ауылға қатынап оқитын оқушылар бүгіннен бастап онлайн оқып жатыр. Аудан әкімдігі ауыл тұрғындары Құмайлықас – Укаш ата бағытындағы айналма жол арқылы қатынай алады дейді. Өзен арнасынан асқан қызыл су сай-салаға жайылып, демалыс аймағына апаратын жолды да шайып кетті.
Мұхтар Қуанышбаев, Сауран аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:
Абай елді мекенінің тау беткейінде орналасқан «Сәкен тау» демалыс аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты адамдардың қалып кеткені жөнінде 101 телефонына хабарлама түсті. Хабарлама бойынша құтқару көлігімен келіп, құтқару жұмыстары жүргізілді.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17