XXV қысқы Олимпиаданың төртінші күні қалай өтті?
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні аяқталды. Бұл күні 9 медаль жиынтығы сарапқа салынып, жүлде жеңіп алған елдер саны 20-ға жетті. Осылайша, жалпы есепте Норвегия бірінші, Германия екінші және Швеция үшінші орынды еншілеп тұр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Бүгін Олимпиаданың төртінші күнін түйіндедік. Жарыстың бәрін іркес-тіркес түгендеп, нәтижесін нотаға салғандай ырғақпен айтып шығуға болар еді. Әттең, дейміз. Үкілеген үміттеріміз үркіген құстай жарыс жолынан ұшып жатыр. Кейде үнсіздік те айқайдан қатты естіледі. Сондықтан жеңілісті жіпке тізбей, жағымды жаңалыққа екпін салсақ. Фристайлдың могулында мол үміт бар. Павел Калмаков 9-орын алды. Енді жүлденің жарысынан Калмаков та тыс қалмайды. Сөйтіп төртінші күннің сәнді сайысы, мәнерлеп сырғанауға да жеттік.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Мұздың үстінде сырғымен зырылдап, шыр айналған таланттардың тартысында таразы басы шайқалып тұрды. Спортшылар кезегімен шығып, ұпайлары ұлғайған сайын уайымның уысында отырдық. Әлемдік рейтінгіде реті жоғары тұрған спортшылар сайысқа соңына қарай шығады. Біздің Михайл Шайдоров сол сапта еді. Сөйтіп Шайдоров шықты да, мұздың үстінен шоқ шығарғандай өнер көрсетті.
Михаил Шайдоров, спортшы:
Мен мұзға шыққанда Қазақстанның туы өте көп екенін көрдім. Отандастарымның қолдауы керемет болды. Олимпиада ойындары бұл Әлем чемпионаты емес, мен мұны сезіндім. Соңына дейін тырысып, жақсы өнер көрсеттім. Енді еркін айналымда бар күшімді саламын.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Михаил Шайдоров 98,94 ұпаймен бесінші орынға сырғы тіреді. Енді ол еркін бағдарламада еркін көсіліп, мұз үстінде қарсыластарына қырау қаптырады деп сенеміз. Сегіз жыл сағымға оранған медальдың ауылына жақындай түстік деген үміт бар.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03