Түркістан облысындағы Ақсу өзені тасып жатыр
Түркістан облысында ауа-райының жауын-шашынды болуы салдарынан Ақсу өзенінде су деңгейі көтеріліп, Әйтеке би мен Ынтымақ, Ақсуабад ауылдарын жалғайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолына зақым келу қаупі туындады. Өзеннің ағысы жолға қарай ұрып, жарлар құлауға шақ қалған. Қауіптің алдын алу мақсатында Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан шұғыл шаралар қабылданып, жағалауды бекіту және су арнасын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда арнайы техникалар жұмылдырылып, өзеннің ағысын бұру жұмыстары атқарылуда. Өйткені өзен мен жолдың арасы тым жақын.
Шухратулла Убайдуллаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары:
Ақсу өзенінің табиғаты сондай, жылда арнасын ауыстырып тұрады. Қазір биылғы жылы қатты оң жаққа алып, жолға қауіп туындауда. Бүгінгі күнге қазір 8 техника жұмылдырылды. 20-ға жуық жұмысшы бар. Қазір арнаның басты жолын ашып болғаннан кейін, біз мынау блоктарды, тастарды қойып, арнаны бері бұрамыз.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28