Түркістан облысында алимент төлеушілердің мәселесі талқыланды
Түркістан облысының Келес ауданында алимент төлемегендердің қарызы 167 млн теңгеден асқан. Осыған орай аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен «Тәртіпке бастар жол – еңбек» тақырыбында форум өтті. Онда алиментке қарызы барлар мен пробацияда есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту проблемалары талқыланды. Жұмыс беруші мекемелердің өкілдері шақырылып, арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрмысы төмен отбасыларды анықтап, оларға әлеуметтік көмек көрсету жағы қарастырылмақ. Ал алимент төлеуден жалтарған 10 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 7 адам қамалды. Айыппұл арқалағандары да бар.
Жантөре Сарыпбек, Келес аудандық прокуратурасының прокуроры:
Прокуратураның бастамасымен бірқатар жұмыстар атқарылып, қазіргі таңда 38 млн теңге қарыз берешегі өндірілді. Алименттің өндірілмеу себебі, ол көп жағдайда жұмыссыздық болып табылады. Сол себепті осы форумда біз бастама ретінде аудан прокуратурасы өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта ай сайын осындай жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылатын болады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
Алтын Орда Еуразия шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді - сарапшылар
19.05.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
19.05.2026, 20:05