Референдумда 12 млн 400 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурыз күні өтеді. Дауыс беру таңғы 7 -ден, кешкі 8-ге дейін жалғасады. Үгіт-насихат жұмыстары 12 ақпан мен 14 наурыз аралығында жүргізіледі. 14 наурыз – «тыныштық күні», бұл күні агитация жүргізуге тыйым салынады. Орталық референдум комиссиясы дауыс беру кестесін бекітіп, дайындық тәртібін түсіндірді. Жыл басындағы дерекке сәйкес, елімізде 12 млн 400 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Азаматтардың референдумға қатысуы үшін олардың аты-жөні арнайы тізімге енгізілуі қажет. Егер тұрғын тізімнен табылмаса, әкімдікке өтініш беруге құқылы. 27 ақпаннан бастап әр адам өз учаскесіне барып нақтылай алады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
Сайлау органдары үгіт туралы тіпті насихат жұмыстарымен айналыспайды. Біз түсіндірмейміз. Комиссия мүшелері ешбір комиссия, орталық референдум комиссиясы, аумақтық, учаскелік ешбіреуі Конституцияның нормаларын түсіндіру, насихаттау, айтып беру, оның ұтымды жағын басқа жағын айту оған кіріспейді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03