Қазақстан 24 жылдан кейін 5000 метрлі жарысқа спортшы қосты
Италияның Милан қаласында конькимен 5000 метрге жүгіруден әйелдер арасында XXV қысқы Олимпиаданың жүлдегерлері анықталды. Қазақстан сапынан осы қашықтықта араға 24 жыл салып Надежда Морозова өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Өкінішке қарай, спортшымыз жүлдеге ілікпеді. Ал, фристайл-могул бойынша жекелей сайыстар аяқталды. Төрт жылдықтың басты додасында ел намысын 4 спортшымыз қорғаған еді. Алайда қыздар арасындағы жарыста жүлде бұйырмағасын ерлердің бәсекесіне үміт арттық. Бұл сында ел намысын Павел Калмаков қорғаған еді. Бірақ бұл жолы Павелдың көрсеткен өнеріне төрешілер 75.70 ұпай қойып, фристайлшымыз 16 орынға тұрақтады. Сөйтіп финалға өтетін 8 спортшының қатарына кіре алмады.
Павел Калмаков, XXV қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы:
Жарыс мен үшін сәтсіз аяқталды. Әрине, бұдан да жақсы нәтижені қаладым. Трассаны жақсы жүріп өттім. Дегенмен болар іс болды. Төрешілер төмен бағалады. Аздаған қателіктерімнің кесірінен суперфиналға шыға алмадым.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03