Референдум – саяси жүйені демократияландыру жолындағы маңызды қадам
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда мәслихат депутаттарымен, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездесті. Жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен алдағы республикалық референдум аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды. Палата Спикері жаңа Конституция жобасын тарихи құжат деп атап, бұл шешім қоғамдық келісімнің жаңа үлгісіне көшу және ішкі сұраныстар мен сыртқы сын-қатерлерге берілген уақытылы жауап екенін айтты. Талқылау барысында сарапшылар мен талдау орталықтарының өкілдері алдағы референдум аясындағы бірлескен жұмысқа қатысты ұсыныс-ойларын айтып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде кешенді реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қазір жүргізіліп жатқан Конституциялық реформа сол іргелі жаңғырулардың заңды әрі дәйекті жалғасы. Соның аясында жаңа Конституция жобасы әзірленіп, мемлекет басшысының Жарлығымен республикалық референдумға шығарылды. Осылайша Қазақстан халқы 2026 жылдың 15 наурызда өз таңдауын жасайды. Бұл демократияны нығайта түстетін маңызды тетік екені анық. Жалпы, Конституциялық реформаның басты мақсаты – мемлекеттілікті нығайту, Тәуелсіздікті күшейту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру.
Сонымен қатар Сенат төрағасы
Абай атындағы республикалық мектептің материалдық-техникалық базасымен, оның
ішінде БҰҰ кабинетінің және білім ордасындағы музейдің қызметімен танысты.
Сондай-ақ қалалық кітапхана ұжымымен және мегаполистің белсенді
жастарымен кездесті.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00