«Дос болайық!»: Буллингке қарсы сынып сағаттары өте бастады
Маңғыстауда «Дос болайық» бағдарламасы аясында барлық мектепте буллингке қарсы сынып сағаттары өтіп жатыр. Соның бірі – Мұнайлы ауданындағы бірінші мектепте өткізілді. Сабақ барысында оқушылар түрлі тапсырманы орындау арқылы буллингке қатысты ойларын еркін ортаға салды. Ешкімді жәбірлеуге болмайтынын, керісінше, сыныптастарын құрметтеп, бір-біріне қолдау көрсету қажеттігін түсінді. Баланы буллинг пен зорлықтан қорғауға арналған «Дос болайық» бағдарламасы аймақтағы жалпы білім беру ұйымдарының барлығына енгізілген. Жоба оқушылар арасында достық қарым-қатынасты дамытуға, бір-біріне жанашыр болуға көмектесуде.
Нұрберген Қуаныш, 6-сынып оқушысы:
Буллинг деген – адамды келемеждеу. Мысалы, сабарлы оқушы болуы мүмкін, оны жауап қайтара алмайды деп ойлап, оны келемеждеп, ұрып-соғу. Біздің сыныпта мұндай буллинг жоқ. Біз мұны бірінші тоқсаннан бері өтіп келе жатқандықтан, есімізге сақтап алғанбыз. Сондықтан да ауызбіршілігіміз көп және мұғаліміміз де мейірімді. Бізге керемет тәрбие мен білім беріп жатыр.
Маусымжан Тасқынбай, қазақ тілі
және әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Бүгінгі сабақта балалар бір-біріне жақсы сөздер айтып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып, бір-біріне деген достық сезімі ұлғайып жатыр. Жалпы, барлық мектепте осындай жобалар жүйелі түрде өтіп тұрса, үнемі балаларға айтылып отырса, жақсы нәтиже болады деп ойлаймын.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28