БҚО-да 11 айлық сәби шетінеп кетті
Батыс Қазақстан облысында қызылша ауруының белгілері болған 11 айлық бала шетінеп кетті. Бастапқыда дәрігерлер сәбиде қызылша инфекциясына тән клиникалық белгілерді байқаған. Кейін зертханалық талдау нәтижесінде бұл диагноз расталмады. Сәбидің туа бітті ауруы асқынған. Ал басты диагноз – сепсис, яғни ағзасын инфекция жайлап, өлімге әкеп соқтырған.
Жалпы, өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Жыл басынан бері 50 адам
қызылшаға шалдыққан. Қазір ауруханада 24 науқас ем алып жатыр. Оның 19-ы бала.
Жансақтау бөлімінде жатқан екі баланың жағдайы ауыр. Олар екпе алмаған.
Дәрігерлер аурудың алдын алудың ең тиімді жолы - вакцинация екенін ескертеді.
Дергүл Ағаділова, облыстық Жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары:
11 айлық бала біздің ауруханаға түсті. Келгеннен баланың жағдайы ауыр болды. Дене қызуы, бөртпесі болды. Денесінде, құлағының артында болды. Қызылша болар деп ойладық. Қызылшаны анықтау үшін қан алдық, бірақ анализ расталмады. Негізгі диагноз – сепсис. Өкінішке қарай, бала шетінеп кетті.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04