Алматыда кванттық технологиялар орталығы ашылды
Алматыда іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге бағытталған кванттық технологиялар орталығы ашылды. Мақсаты – зерттеушілер мен инженерлердің жаңа буынын даярлап, кванттық қорғалған байланыс пен есептеу шешімдерін дамыту. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі Farabi Hub-та орналасқан орталық халықаралық озық тәжірибелерді трансферлеп, бірлескен ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жобаларды іске асырады. Нәтижесінде ұлттық ақпараттық қауіпсіздік саласында жоғары білікті кадрлар қалыптасып, бәсекеге қабілетті мамандарды даярланады.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Дүниежүзінде үлкен бәсеке басталды осы кванттық технологиялар саласында. Негізгі орталықтар - АҚШ. АҚШ-та бірнеше үлкен университет осы салада жұмыс істеп келе жатыр. Осындай озық технологиялар Қазақстанға келуі біз де сырттай қалмай, ең мықты компаниялармен бірігіп, керемет орталықты ашып жатырмыз.
Джанг Ингхуа, «Astrasec PTE. LTD» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:
Орталық қызметі кванттық зерттеулер саласындағы ең соңғы технологияларды пайдалануға негізделген. Бұл бағытты оқу бағдарламаларына енгізу арқылы студенттер заманауи білімді тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларды меңгереді.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03