Таразда қаланы қардан тазалауға техника жетпейді
Тараздықтарды қалың қар әлі әбігер қып жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі екі тәулік бойы толассыз жауған ақұлпаны тазалап үлгермеуде.
Өйткені техника жетіспейді, қолда бардың тозығы жеткен. Тазалық мекемесі көшелерден 2000 текше метр қар шығарған. Алайда шаһар шетіндегі аудандар әлі де қар құрсауында. Қалыңдығы 50 сантиметрден асып, көлік кептелді, жол апаты жиіледі. Қазір қалада 500 адам жол тазалап жүр. 60-қа жуық техника жұмылдырылды.
Алмат Радиков, коммуналдық мекеменің өкілі:
Қыстық жолдарды күтіп ұстау бойынша 110 көше бекітілген. Олардың ұзындығы 343 км. Қар жауған сәтте олардың барлығын бірден қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Себебі қазіргі кезде қосымша техника сатып алу жұмыстары қарастырылып жатыр лизингке. Сол техникаларды алғаннан кейін олардың барлығын қамтамасыз етеміз деген ойдамын.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02