Геологиялық зерттеуге 240 млрд теңге бөлінеді
Алдағы үш жылда геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте айтылды. Қаржы шөгінді бассейндер аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуге, қазіргі заманғы геологиялық инфрақұрылымды құруға да жұмсалады. Бүгінде елде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит, боксит кенінің әлеуеті жоғары алаңдар анықталды. Бұдан бөлек аз зерттелген Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспары бар.
Дамир Кубенов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті төрағасының орынбасары:
240 млрд теңгені алдын ала барлау жүргіземіз де мемлекеттің атынан, сол табылған нәтижесін 10-20 есе аукцион арқылы бюджетке қайтарамыз. Алдын ала барлап, нақты қай жерлерге тереңірек барлау жүргізу керек екенін анықтаймыз.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17