Сақтандыру саласын жаңарту жоспарланып отыр
Елде сақтандыру жүйесі жаңартылуы мүмкін. Сақтандыру сыныптарының құрылымы қайта қаралмақ. Бұл өзгерістер сақтандыруды әділ әрі икемді етуге бағытталған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осындай ақпарат таратты. Тәуекелдердің бір бөлігін мемлекеттен жеке секторға көшіру көзделіп отыр. Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент сақтандырудың қолжетімділігін тапсырған болатын. Алдағы уақытта міндетті сақтандыру түрлері кеңейеді, әлеуметтік бағыттағы жаңа өнімдер енгізіледі және салада цифрландыру күшейтіледі. 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы қабылданып, жаңа заң жобасы биыл дайындалады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00