Адвокат пен прокурор мәртебесі теңестіріледі
Адвокаттардың мәртебесі прокурорлармен теңеседі. Жаңа Конституцияның 86-бабының мәні осындай. Онлайн-марафон алаңынан тілшіміз Жанел Нұрболатқызы тақырыпты тарқатады. Жанел, эфирдесіз...
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Бұл сот процесінде айыпталушының да, айыптаушының да сөзін анық есту, екі тараптың да құқығының тапталуына жол бермеу үшін жасалып отыр. Мысалы, қазір прокурор кез келген деректі сұрата алады, мекемелер оны уақытылы жіберуге міндетті. Ал адвокат сұрау салып, жауап келмей қойса, көп жағдайда мекемелер жауапқа тартылмайды. Соның салдарынан айыпталушы жағы сотта өз позициясын жеткізе алмай қалады. 86-бап осы олқылықты жояды.
Яғни, адвокаттың мәртебесі айқындалады. Еске салайық, онлайн-марафонда жаңа Конституция жобасына енген нормалардың қоғам өміріне әсері 12 тақырып аясында талқыланып жатыр. Сарапшылар қолданыстағы Конституция мен жаңа жобаның әр бабын салыстырып, өзгерістердің мәнін 4 сағат бойы талқылады.
Десе де, құрметті көрермен экран алдына енді ғана жайғасып жатсаңыз, алаңдамаңыз. Алда әлі бірнеше өзекті тақырып бар. Ата заң не үшін қайта жазылды? Өзгерістер әр азаматтың өміріне қалай әсер етеді? деген тақырыптар талқыланады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09