Президент: Қажетсіз «жол карталарын» әзірлеу – жауапкершіліктен қашу деген сөз
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент алдымен, әрине, инфляцияны ауыздықтауды айтты. Ресми дерек бойынша, былтыр инфляция 12,3 пайыз болды.
Экономикалық өсім бар, бірақ халықтың табысы жұтылып кетіп жатыр. Қ.Тоқаев 3 жыл қатарынан инфляцияны төмендетудің «нақты іс-қимыл алгоритмін» әзірлеуді тапсырды. «Ресурсты экономикалық өсім әкелетін басты салаларға бағыттауы қажет», – дейді. «Іс-қимыл былай болады» деп әзірленетін түрлі «жол карталарын» жауапкершіліктен қашу деп есептейтінін айтты.
Негізі, «адал азамат» деген бұқараға айтылған сөз емес. Әуелі бюрократиялық аппараттан бастау алуы тиіс. Құрылымдық өзгерістер болмаса, болмайтынын алдымен атқарушы биліктің түйсінгені қажет. Нарықтық экономикадан артық формула ойлап табылған жоқ.
«Өз күніңді өзің көр» деген барлық жағдайда әділетті емес пайым да қабылданды. Демек, өкімет зейнетақы, жәрдемақыны төлеу, инфрақұрылымдар салу, білім мен денсаулық сақтауға қатысты негізгі міндеттерін орындап, өз күнін өзі көріп жүрген адамдардың салығын жинап қана отыру керек.
Қ.Тоқаев «Жазалаушы менталитеттен арылатын кез келді. Салық органдары мен салық төлеушілер арасында серіктестік және өзара сенім орнығуы тиіс... Мұндай серіктестік әділдікке, өзара тиімділікке, тіпті экономиканы дамытудың маңызын түсіну тұрғысынан алғанда, жауапкершілікке құрылуға тиіс деп ойлаймын», – деді.
Өзара сенімнің орнамайтынының бір себебі... міндеттеріне терең бойламайды. «Қорытынды шығарылмайды» дегенге келтірді.
«Бұл жөнінде жақында “Turkistan” газетіне берген сұхбатымда айттым. Үкіметтің кейбір мүшелерімен әңгімеден ұққаным, оны бәрі бірдей ықылас қойып оқымаған секілді. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзімді де толық түсінбегендеріңіз байқалады. Интернет ұзақ мәтіндерді оқудан алыстатты. Оның үстіне мәтінді, кітаптар мен мақалаларды оқымай-ақ, мазмұнын тыңдай салатын мүмкіндік пайда болды.
Бірақ бұл мемлекеттік қызметкерлерге жараспайтын әдет. Оқу керек. Әйтпесе, зейнет жасына жеткен кезде ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар. Бұл өте қауіпті. Сондықтан көп оқыңыздар», – деп жалпы өреге байланысты әңгімеге дейін апарып тастады.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15