Түркияның басым бөлігінде су тасқыны болды
Түркияда қатты жел мен су тасқынының кесірінен бірнеше
қалада көшелерді су басты. Измир, Хатай, Алания және Бодрум қалаларында нөсер
жауынның кесірінен өзендер мен теңіз тасып, көшелер мен үйлер су астында қалды.
Баспаналары суда қалған бірқатар тұрғындар қайықпен қауіпсіз жерге көшірілді.
Қала ішінде көлік қозғалысы қиындап, қатты жел шатырларды ұшырып әкеткен.
Желдің екпініне шыдамаған ағаштар құлап, бірқатар автокөліктерді басып қалған.
Көптеген жылыжай мен егіс алқаптары су астында қалды. Жергілікті билік
балалардың қауіпсіздігі үшін мектептерде сабақты бірнеше күнге тоқтатты. Қазір
табиғи апаттан келген шығын көлемі анықталып жатыр.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17