Неке және отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі
Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары Конституциялық деңгейде күшейтіледі. Ата заңның жаңа жобасындағы бұл шешім отбасындағы тәрбиені нығайтып, дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде қорғауға мүмкіндік береді,-дейді тұрғындар.
Сауалнама:
- Сәлеметсіз бе! Жаңа Ата заң жобасымен таныстыңыз ба?- Таныстым.- Неке туралы арнайы норма белгіленген. Пікіріңіз?- Иә, неке туралы жаңа норманы мен де қарап шықтым. Таныстым. Оң пікірдемін. Себебі Ата заңның жаңа нормасы бойынша неке ерікті ер мен әйелдің өз еркімен қабылдаған одағы деп белгіленеді және де біздің зайырлы мемлекеттің негізінде әйелдердің құқығы мен қауіпсіздігіне баса назар аударылып отыр. Яғни Қазақстан Республикасында заңды некенің ғана күші бар екені көрсетіледі. Бұл енді отбасының негізгі құндылықтары болып саналады. Сондықтан қолдаймын.- Жастардың, жасөспірімдердің мүмкіндігінше заңды білгенін қолдаймын. Өйткені жаңа негізгі заң жобасында отбасы туралы мынадай тармақтар бар: «Еңбекке қабілетті перзенттер жасы ұлғайған ата-аналарына қамқорлық жасауға, асырауға міндетті» деп айқын жазылған. Конституция деген кез келген мемлекеттің негізгі заңы.
- Жаңа заң жобасы бойынша көп азаматтардың қуанатын дүниесі отбасыға байланысты. Өміріміздің күнтізбесінде тұрған мәселе ғой дәл уақытында қозғалды. Кез келген нәрсенің бір қоғамға сай өзгерістерге ұшырайды ғой, соған байланысты бұл Президенттің өзі айтты және оны тұтас ел болып біз қолдауға тиіспіз.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16