Астанада дәстүрлі «Бұрқасын» фестивалі өтті
Елордада дәстүрлі «Бұрқасын» фестивалі өтті. Қысқы спортқа қызығатын көпшілік Есіл өзенінің бойына жиналып, өзара сайысқа түсті.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
«Бұрқасын» спорт фестивалі биыл 25-ші рет жалауын желбіретті. Дәстүрлі додаға қатысушылардың көңіл күйі өте керемет. Өйткені, кеше ғана мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Ақ Олимпиаданың чемпионы атанды. Осынау жеңіс қысқы спортқа қызығатын жастарға жаңа серпін сыйлаған сияқты.
Ясинжан Қызарбеков, қатысушы:
Михаил Шайдоровты жеңісімен құттықтаймын! Ал, өзім шаңғы жарысына 4 жылдан бері қатысамын. Маған шаңғы жарысы ұнайды. Таза ауада айналысып жүресің. Бүгінгі жарысқа дайындығым жақсы. Орын алам деп үміттенемін.
Бауыржан Досжанов, қатысушы:
Бүгін көңіл күй өте тамаша. «Бұрқасынға» мен жыл сайын қатысамын. Бұқаралық жарыс болған соң қызық.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
«Бұрқасын» қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жатқан спортшыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі дода биыл спорттың 13 түрінен өтуде. Ол пимамен хоккей, шаңғымен сырғанау, гір тасын көтеру, мотоспорт тағысын тағы дегендей. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа 2 мыңға жуық тұрғын қатысып жатыр.
Ержігіт Өсербай, қалалық Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары:
Бұрқасын спорттық шарасы Астана қаласының тұрғындарының жыл сайын асыға күтетін спорттық шара болып табылады. Мақсаты қысқы спорттың деңгейін көтеру.
Бөпежан Нұрбекова, қатысушы:
Мәнерлеп сырғанаудан алғашқы медаліміз керемет мақтаныш деп ойлаймын. Барша қазақстандықтарды құттықтаймын! Осындай жеңісіміз көп болсын!
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Жиналған көпшілік Олимпиада ойындарына қатысып жатқан спортшыларымыздың өнерін тікелей эфирде тамашалады. Ал, бүгінгі жарысқа қатысушылар бағалы сыйлыққа ие болды. Айта кетейік, дәстүрлі дода келер жылы да жалғасын таппақ.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16