Микро және шағын бизнес үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды жою тәртібі бекітілді
Микро және шағын бизнес субъектілері салық берешегінің негізгі сомасын төлеген жағдайда онда оған есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі. Қаржы министрлігі осы қағиданы бекітті. Егер кәсіпкер 1 қаңтарға дейінгі салық қарызын 31 наурызға дейін толық өтесе, оған салынған барлық өсімпұл мен айыппұл жойылады. Сонымен қатар төленбеген қосымша құн салығы және басқа да бюджеттік айыппұлдар да есептен шығуы мүмкін. Бұл процесс мемлекеттік кірістер органдары жанындағы арнайы комиссиялардың дербес шоттарды тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Қайсар Арын, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің берешекпен жұмыс басқармасының
басшысы:
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін негізгі қарыз сомасын 2026 жылғы 31 наурызға дейін толық төлеу қажет. Қабылданған Қағидалар кәсіпкерлерге бұрынғы берешектерін қосымша қаржылық шығындарсыз жабуға, қарыз жүктемесін азайтуға және алдағы уақытта санкциялар есептелу қаупінсіз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02