БҚО-да скарлатинамен ауырғандар көбейген
Батыс Қазақстан облысында скарлатинамен ауырғандар саны 1,3 есеге көбейген.
Былтыр 438 адам дертке шалдықса, оның алдыңғы жылы 308 жағдай тіркелген. Скарлатина тудырушы стрептокок инфекциясын жұқтырғандардың барлығы дерлік – 14 жасқа дейінгі балалар. Аурудың тең жартысынан астамы балабақшаларда тіркелген. Бұл өткір жұқпалы ауру болып саналады. Дене қызуы көтеріліп, бас ауырып, денеде бөртпе пайда болады. Айта кетейік, өңірде екі жыл бұрын скарлатинамен ауырған 4 жастағы бала көз жұмды. Тасқала ауылындағы балабақшада бір мезетте алты бала ауырып, карантинге жабылған еді.
Гауһар Дүйсеғалиева, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
14 жасқа дейінгі балалар арасында 403 жағдай, 15-17 жас балалар арасында 13 жағдай тіркелді, ересектерде 22 жағдай анықталды. Бұл ауруды азайту мақсатында балабақшалар мен мектептерде таңертеңгі сүзгі ұйымдастырылып, алдын алу шаралары өткізілді және ұсыным берілді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03