Түркия туризм саласында рекорд жаңартты
Қазақстандықтар ең көп саяхаттайтын елдердің көшбасында тұрған Түркияға өткен жылы 63 млн 941 турист барған. Осылайша Түркия әлемдегі ең көп турист баратын елдердің қатарында төртінші орынға көтерілді. Бұл тарихта болмаған көрсеткіш. Түркия статистика агенттігінің хабарлауынша, 2025 жылы ел бюджетіне туризмнен 65 млрд 230 млн доллар түскен. Түркия Туризм министрінің айтуынша, ең көп турист Ресейден келген. 6 млн 900 мың адам. Одан кейінгі орында Германия мен Ұлыбритания. Ал ресми мәлімет бойынша, 2025 жылы Түркияға Қазақстаннан 200 мыңға жуық турист барған.
Мехмет Нури Ерсой, Түркияның мәдениет және туризм министрі:
2017 жылы әлемде ең көп турист баратын елдер арасында 8-орында едік. Былтыр төртінші орынға көтерілдік. Бұл біздің осы саладағы ең ірі ойыншы екенімізді көрсетті. Біз туризмді тек теңіз бен жағажай емес, мәдени және діни туризм, экотуризм, археологиялық туризм, медициналық туризм, гастрономиялық туризм сияқты сан-салаға бөлу арқылы осындай жетістікке қол жеткіздік.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15