Ақ Олимпиада: А.Әжғалиев пен Д.Никиша ширек финалда
Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысы басталды. Дәл қазір әріптесім Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Шорт-тректен Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша ширек финалда өнер көрсетеді. Жаңа ғана мұнда әлем кубогы кезеңнің және Азия ойындарының чемпионы Абзал Әжғалиев пен Әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, осы Олимпиадада Мемлекеттік туды ұстап шыққан Денис Никиша сынға түсті. Ол уақыт көрсеткіші бойынша, ал Абзал екінші топтағы жарыста мәреге бірінші болып келіп, келесі айналымға өтті. Біз жарыстан кейін спортшымыздан сұхбат алған едік.
Абзал Әжғалиев, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Айта кетейік, Әжғалиев пен Никиша үшін бұл карьерасындағы төртінші Олимпиадасы. Енді ширек финалдан бастап ақтық сын бәсекесі 18-нен 19 ақпанға ауған түні өтеді. Абзал сұхбат барысында жерлестерінің қолдауын сезініп, демеу боп тұрғананын айтты. Сондықтан Абзалға да, Дениске де барынша жанкүйер болып, қолдайық.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04