Үкімет экономиканы одан әрі әртараптандырудың тәсілдерін қарайды
Бүгін Үкімет отырысында экономиканы әртараптандырудың жаңа тәсілдері қаралады. Қай бағыттарға басымдық берілмек?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Күн тәртібіне – өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту және шағын және орта бизнесті қолдау сынды мәселелер шығарылған. Басты мақсат – экономиканы одан әрі әртараптандырудың тың тәсілдерін табу. Еске саламыз Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, 2025 жылы негізгі салаларға серпін берілді, бір сөзбен айтқанда тұрақты өсім қатамасыз етілді. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі 6,4 пайызға өсті. Әсіресе машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, дайын металл бұйымдары және жеңіл өнеркәсіпте жоғары қарқын байқалды. Бұл туралы өткен аптада Президент төрағалығымен өткен кеңейтілген отырыста айтылды.
Алдағы нақты жоспар қандай?
Биыл жол құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіп және әлеуметтік салада цифрлық теңге енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ цифрлық инфрақұрылым дамиды: ауылдардың басым бөлігі талшықты-оптикалық интернетке қосылып, автожолдарда интернет қолжетімді болады. Үкіметтің өткен отырысында Президент экономикалық өсім халықтың нақты табысын арттыруға қызмет етуі тиіс екенін айтып, Үкіметке теміржол тарифі және салық-кеден жүйесін цифрландыру бойынша нақты тапсырмалар да жүктеген еді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00