Алаяқтық: Банк карталарын бұғаттай бастады
Ұлттық банк банк карталарына қатысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді. Алаяқтар тұрғындардың банк карталарын бұғаттай бастаған. Әуелі банктың байланыс орталығына клиенттің атынан хабарласып, «картамды жоғалттым» деп мәлімдейді. Карта бұғатталғаннан кейін құқық қорғау органдарының қызметкері болып тұрғынның өзіне хабарласады. Сосын «картаны қайта ашып береміз», «ақшаны қауіпсіз шотқа аударуыңыз керек» деген желеумен жеке деректеріңізді біліп алады. Карта кенеттен істен шыққан жағдайда не істеу керек? Банктің call-орталығына хабарласып, оны өзіңіз емес, өзге біреу бұғаттағанын жеткізесіз. Кеңес алу үшін Ұлттық банктің 1477 нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17