Түркістан облысында жасырын цех әшкереленді
Түркістан облысында жасырын насыбай өнімдерін дайындап, таратумен айналысқан 3 жасырын цехтың жұмысы әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл цехтарды Келес және Ордабасы аудандарынан тапқан. Жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда заңсыз снюс дайындалып, тыйым салынған өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жүйелі түрде таратылып отырған. Цехта 20-ға тарта адам жұмыс істеген. Олар насыбайға түрлі иістендіргіш қоспалар қосып, снюстің бірнеше түрін жасап келген. Тәркіленген шикізат көлемі шамамен 60 млн дана бірреттік снюс мөлшерін өндіруге жеткілікті. Қазір осы қылмыс бойынша күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Заңсыз айналымнан 1 млн-нан астам дайын өнім мен 30 тонна темекі, 2 млн қаптама пакеті, түрлі хош иістендіргіштер мен улы химиялық қоспалар, сондай-ақ өндірістік арнайы жабдықтар тәркіленді. Сот санкциясымен заңсыз қызметтен түскен қаражатқа сатып алынған екі автокөлікке тыйым салынды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28