Маңғыстауда 20 аққудың өлексесі табылды
Маңғыстауда жағалаудан аққулар мен басқа да құстардың өлексесі табылды.
Өлген құстар Ақтау қаласы мен Сайын Шапағатов елді мекені аумағынан анықталған. Мамандар барлығы 20 аққудың өлексесін жинап, жою жұмыстарын жүргізді. Ал судан алынған сынамалардың нәтижесінде ешқандай ластаушы заттар анықталмаған. Құзырлы инспекция басшылығы аймақта аққулардың жаппай өлімі тіркелмегенін, бұл миграция кезіндегі табиғи жағдай деп түсіндірді. Дегенмен жағалаудағы аққуларды нанмен қоректендірудің зиян екенін ескертті. Айта кетейік, қазір қала тұрғындары аққуларды қызықтап, оларға нан береді.
Ғаббас Досатов, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
Жалпы, құстарды, оның ішінде аққу құсын қолдан қоректендірудің, оның ішінде нанмен қоректендірудің ешқандай қажеттілігі жоқ. Егер оны көп мөлшерде жейтін болса, аққу құсының денсаулығына, организміне зиян. Алыс жақтарға ұшады, сол кезде нанды көп қоректенген аққулар миграция кезінде оларға зиян болады.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03