Алматылық әжелер өте ұзын сырмақ сырып, рекорд жасамақшы
Алматылық әжелер ұзындығы 110 метрлік сырмақ сырып, әлемдік рекорд орнатуға ниетті. Қазір қолөнер бұйымының жартысына жуығы әзір.
Бұл іске 100-ден аса қыз-келіншек қолғабыс етіп жүр. Сырмақта жылдың төрт мезгілі бейнеленеді. Қошқар мүйіз, түйе табан, сынық мүйіз сынды қазақы ою-өрнектер бес түрлі түспен көмкерілмек. Бір жыл бұрын басталған сәндік-қолданбалы өнер туындысы әз-Наурыз мерекесіне орай ел назарына ұсынылады. Оны тамашалауға тұрғындардан бөлек, «Әлемдік рекордтар кітабының» өкілдері де келеді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, игі бастама ұлттық қолөнерді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, қазақтың дәстүрлі өнерін әлемге танытуға септігін тигізеді.
Ләйле Дәулет, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ өкілі:
Қазіргі заманауи, жаңартып, киіздердің өзін әдемі деңгейде өңдеп, ұсынғалы жатырмыз. Бұл бір жағынан біздің аналарымыздың өнері, қолөнері десек, екінші жағынан бұл бізге керек дүние.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02