Конституция жобасы әділетті қоғам орнатуға бағытталған
Жаңа Конституция жобасы әлеуметтік қолдауды күшейтіп, адам құқықтары мен отбасы құндылықтарын қолдайды. Тұрғындар еліміздің басты құжатын әділетті қоғам орнатуға бағытталған дейді.
Сауалнама:
- «Заң мен тәртіп», «Адал адам», «Таза Қазақстан» деген принциптер бар Президентіміздің билікке келгелі айтып жүргені. Осы принциптердің барлығы қазіргі Конституцияға енгізілген. Бұл мемлекеттік идеологияның нышандарын сол Конституцияның бойына жинақталғанын көрсетіп отыр.- Конституция еліміздің басты құжаты болғаннан кейін, «Миранда» әлемдік тәжірибеден алынып отыр ғой. Басты біздің құндылығымыз, байлығымыз – ол біздің халық. Яғни, адам құқықтары, адам капиталы дейміз. Осыған басымдылық беріліп жатыр. Бұл дегеніміз адамдарға, халыққа деген заңды құқықтарының қорғалуына бірден-бір негізгі құжат болып табылады.- Ғылыми стратегиялық ресурс дегені қатты ұнады. Себебі, ғылымды дамытатын болсақ экономика дамиды. Адамның әлеуеті дамиды деп ойлаймын. Енді мына кейбір ғылыми жобаларын жүзеге асыра алмай шет ел асып кетіп жатқандар бар ғой. Мына баптан кейін мен ойлаймын. Өзімізде қалады. Өзімізде іске асырады.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03