Қысқы Олимпиада: Бүгін түнде шорт-трекшілеріміз шығады
Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының кезекті күні басталды. Бүгін біздің құрама бірнеше спорт түрінен жарыс жолына шығады. Оның үстіне, кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты таулы аймақтардағы жарыстар бүгінге ауысқан болатын. Дәл қазір Миланнан Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Ауа райы жақсарып, жарыстар бүгінгі жоспарға сай өтіп жатыр. Шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы еркін стильдегі командалық жарыс аяқталды. Өкінішке қарай, қыздар іріктеуден өте алмады. Барлығы 26 команда қатысты. Отандастарымыз 17-болып мәре сызығын кесті. Ал үздік 15 құрама финалға жолдама алды. Ерлердің нәтижесі қыздардікінен де төмен. 27 команданың ішінде ең соңғы сатыдан көрінді. Ливиньода фристайл-акорбатика әйелдер арасындағы жарыс басталды. Бұл бәсекеге кеше өтуі керек еді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгінге ауысқан еді. Ерлердікі ертеңге шегерілді. Жарыс жолына Аяна Жолдас шықты. Іріктеудің бірінші кезеңінде отандасымыздың аяғы тайып, жаттығуды сәтті орындай алмай, 17-орыннан көрінді. Екінші іріктеуде де сәттілік жетіспеді. Енді Аяна алдағы күндері командалық жарыста тағы өнер көрсетеді. Сондай-ақ тау шаңғы жарысына Александра Скороходова финалда бақ сынайды. Ол бірінші айналымда мәреге дейін жете алмады.
- Бүгін осымен жарыс біз үшін аяқталды ма?
Жоқ, бүгін Астана уақытымен түнгі он екі шамасында шорт-тректен ширек финал және финал сайыстары басталады. 500 метр қашықтықтағы тартыста екі спортшымыз ел намысын қорғайды. Олар Азия ойындарының чемпионы Абзал Әжғалиев және Әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, осы Олимпиадада Мемлекеттік туды ұстап шыққан Денис Никиша. Екеуі де мықты, екеуі де бабында. Тек сәттілік серік болып, жүлде алса дейміз. Бірге жанкүйер болайық!
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16