Үш өңірге ірі-ірі жел және күн стансасы салынады
Еліміздің үш өңірінде ірі-ірі жел және күн стансалары салынады. Жоба құны 2,2 млрд доллар. Бүгін Сенат депутаттары «Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру» туралы келісімді ратификациялады. Аталған энергетикалық нысандардың қуаттылығы 1,8 ГВт. Жобаға энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін заманауи энергия жинақтау жүйелері енгізіледі. Бұл жыл сайын 5,7 млрд кВт-сағаттан астам жасыл электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Көмірқышқыл газының шығарындыларын 4,5 млн тоннаға дейін азайтады. Осы арқылы Қазақстанның климаттық мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосады.
Сұңғат Есімханов, Энергетика вице-министрі:
Бұл жоба бойынша үш жоба екеуі жел электр станциясы, Павлодар Қарағанды 30 мегаваттық күн электр станциясы Түркістан облысында.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04