«Пана» әлеуметтік жобасы басталды
Елімізде «қауіпсіз орындар» желісі құрылмақ. Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау шарасына кәсіпкерлер атсалыспақ. Яғни қысымға ұшыраған адам көше бойындағы кез келген дәріхана, дүкен мен басқа да қоғамдық орындарға барып, көмекке жүгіне алады. «Пана» әлеуметтік жобасы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бастамасымен елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Қазір бұл бастамаға қатысуға 200-дей кәсіпкер, 20-дан аса қоғамдық ұйым ынта білдірген.
Мақсұт Насибулов, ЖСДП орталық аппаратының басшысы:
Қазіргі заманда зорлық-зомбылық құрбандары көмек сұраса, ешкім көмектеспейді. Оны көріп жатырмыз. Екінің бірі ғана көмектеседі. Әрине ол қайда барады? Ол дүкенге барады. Көмек сұрағанда сатушылар не жасарын білмей қалады. Яғни шағын бизнес өкілдерін үйретеміз.
Талғат Омаров, Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы:
Біздің қауымдастық құрамында 3 мыңнан астам дәріхана кіреді. Сондықтан біз осы жобаға ынталы қатысып жатырмыз. Бұл үлкен қоғамға пайдалы іс деп есептеймін.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16