Қостанайдағы жаңа зауыт айына мың тоннаға жуық қоқысты өңдейді
Қостанайда жаңа зауыт айына мың тоннаға жуық қоқысты қайта өңдейді. Ауқымды жоба «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 6 млрд теңгеден астам қаражатқа, «Жасыл даму» акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асты. Кәсіпорында қатты тұрмыстық қалдықтар, макулатура және тетра пак сияқты шикізатты өңдейтін 7 өндірістік желі жұмыс істейді. Мұнда майлық, дәретхана қағазы, жұмыртқаға арналған қағаз қораптар секілді бірнеше өнім түрі шығарылады.
Әнуар Түлекбаев, шикізатты өңдеу
және қағаз өнімдерін өндіру зауытының басшысы:
Айына екі жүз тонна Tetra Pak қалдықтарын қайта өңдеуді көздеп отырмыз. Жалпы, ел бойынша бұл өнім түрін қабылдайтын әзірге біз жалғыз кәсіпорынбыз. Термо түбіртек қағаздарын да шығару жоспарда бар. Жалпы, біздің өнімдеріміз Қазақстанның бүкіл аумағын қамтуы тиіс. Сонымен қатар алыс-жақын шетел экспортына да шығатын үлкен мақсатымыз бар.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17