Бүгін Софья Самоделкина өнер көрсетеді
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында бүгін Ұлттық құраманың спортшылары екі спорт түрінен жарысқа қатысады деп жрспарланған еді. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты ерлер арасындағы фристайл-акробатика бойынша жарыс тағы да шегеріліп, ертеңге ауысты. Дәл қазір Милан қаласынан әріптесім тікелей байланысқа шыққалы тұр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Миланда күн бұлтты. Кешегі түннен бүгінгі түске дейін жаңбыр жауды. Дегенмен мұндағы жарыстарға ол кедергі емес. Себебі мәнерлеп сырғанау бойынша сайыс стадионда болады. Онда спортшымыз Софья Самоделкина өнер көрсетеді. Жарыс Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады. «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде доданы тамашалап, спортшымызға жанкүйер болайық. Бұған дейінгі қысқа бағдарламада Софья Самоделкина сүрінбей өтті. Ол маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, қысқа бағдарламада 68.47 ұпай еншіледі. Бүгін де спортшымыз сәтті өнер көрсетіп, жүлдеге ілігеді деп үміттенеміз. Жалпы есептік көрсеткіште келсек, әлі де сол рет сақталып тұр. Норвегия бірінші, Италия екінші және АҚШ үшінші орында. Қазақстан әзірге мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров алған жалғыз алтын медальмен 18-орында келе жатыр. Спортшыларымызға бірге жанкүйер болайық.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
Алтын Орда Еуразия шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді - сарапшылар
19.05.2026, 20:05