Сенаторлар жаңа Конституция ережелерін түсіндіру үшін өңірлерге барады
Жаңа Конституция ережелерін түсіндіру үшін сенаторлар өңірлерді аралайды. Халықпен кездеседі. Мұны Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Ол сенаторларға жаңа құжат жобасындағы басым бағыттарды айшықтап, халықтың саяси жүйені жаңғыртудағы рөлін түсіндіруді тапсырды. Ертеңнен бастап 5 наурызға дейін, яғни екі апта бойы Сенат депутаттары өңір тұрғындарына Конституция ережелерін түсіндіреді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 15 наурызда жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум өтеді. Ертеңнен бастап конституциялық реформалардың мәнін халыққа түсіндіру үшін жұмыс сапарымен өңірлерге барасыздар. Кездесулерде халықпен ашық диалог құрып, конституциялық өзгерістер – Президентіміздің саяси бағдарының жүйелі жалғасы және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының институционалдық негізі екеніне баса мән беру қажет. Қолға алынған бастамаларды азаматтардың дұрыс түсініп, қабылдауы – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан конституциялық реформалардың мәнін халыққа баяндап ғана қоймай, ашық диалог құру аса маңызды.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00