Еуропалық басылым жаңа Конституцияның жобасы жайлы жазды
«Жаңа Конституцияда сөз бостандығы, адам құқына басымдық берілуі Қазақстандағы демократияның дамуына тың серпін береді». Бельгиядағы бірнеше еуропалық басылымның редакторы Дерия Сойсал осылай дейді. Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы бірпалаталы Парламент құру заң шығарушы билікті нығайтып, заңдарды қабылдауды жеделдетеді дейді. Журналист «Eurasiareview» басылымына шыққан мақаласында: «Жаңа Конституцияның кіріспесінде алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары басымдығы деп жарияланды. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі - ел халқы деп бекітілген», - деп жазған сарапшы.
Дерия Сойсал, «Euro Reflect» басылымының басқарушы редакторы, Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы:
Жаңа Конституция жобасындағы тағы бір маңызды жаңалық - сөз бостандығын нығайту. Мемлекет үшін және жаңа Конституциялық тұжырымдамада басымдық берілген сөз бостандығын насихаттау бойынша ақпанның басында елдеріңіздегі ірі БАҚ басшыларымен кездесулер өтті. Референдумның тағы бір мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Яғни Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші экономикалық держава ретінде осындай реформалар арқылы аймақ елдеріндегі» демократияны күшейтуге ықпал ете алады.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15