Алматыда өкпе аурулары мәселесі талқыланды
Елімізде 1 миллион 200 мыңнан астам тұрғын өкпе ауруларына шалдыққан. Алайда олардың 70 мыңы ғана диспансерлік есепте тұр. Өзекті мәселе Алматыда өткен дөңгелек үстелде көтерілді. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті өкпе-бронх ауруларының алдын алу және өкпені одан әрі сауықтыру мәселесін көтерді. Былтыр бұл сырқаттан 13 мыңнан астам адам көз жұмған. Мамандар көрсеткіш әлі де ұлғаюы мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан дәрігерлер дертті емдеу мен реабилитация жұмыстарының маңызы зор екенін ескертеді. Себебі өкпе ауруынан кейін ағза бірден толық қалпына келмейді. Ал реабилитация тыныс алуды жақсартып, асқынулардың алдын алады әрі науқастың тез оңалуына көмектеседі.
Сұлтан Жаңбырбаев, №1 қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары:
Қазіргі мынау заманауи технологияларға және де емдеу әдістерінің өзгеруіне, жаңа әдістердің пайда болуына байланысты сол протоколдарды қайта қарастыруға бағытталған біздің жиын. Және де ол жағдайлардың бағамдарын бақылау және оны уақытқа сай дұрыстау ұсыныстары жайында бүгінгі жиын қарастырылған.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02