Қысқы Олимпиада: Ұлттық құрама сырғымен жүгіру және шорт-трек бәсекесіне қатысады
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындары аяқталуға жақын қалды. Бүгін ұлттық құрама үш спорт түрінен жарысқа қатысады. Жаңа ғана фристайл-акробатикадан ерлер арасындағы іріктеу өз мәресіне жетті. Нәтиже қалай? Миланнан студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Азамат Бейбітұлынан анық-қанығын білейік.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Ливиньода фристайл-акробатикадан жарыс үш күн бұрын өтуі керек еді. Бірақ ауа райына байланысты қайта-қайта кейінге шегеріліп, бүгін әйтеуір басталды. Ерлер арасындағы іріктеу сайысында жерлестеріміз бірінші кезеңде үздік алты спортшының қатарына ене алмады. Ең үздік көрсеткіш 11-орын. Роман Иванов 105-75 ұпай жинады. Қалғандары 100-ге жетпеді. Екінші жаттығуда да жағдай оңала қойған жоқ. Жігіттер бұл жолы да жолдамада құр қалды. Осылайша фристайл-акробатиканың ерлер арасындағы жекелей сыны жүлдесіз аяқталды. Спортшыларымыз 13-19 арасындағы орындардан көрінді. Ертең атлеттеріміз спорттың осы түрінен жұптық сында бақ сынайды. Ал кеше сырғы жарысынан әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтықтағы бәсеке өтеді. Оған Надежда Морозова бастаған 3 спортшы қатысады. Бұл Надеждаға өте қолайлы қашықтық болғандықтан, медаль күтетінімізді жасырмаймыз. Оның әлемдік рейтингтегі орны да тәуір. Ал түн ауа шорт-трекші қыздар өздерінің соңғы дисциплинасында өнер көрсетеді. 1500 метрде Яна Хан мен Ольга Тихоноваға сенім артамыз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04