Коалиция мүшелері университет ұжымымен кездесті
Ақтөбеде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің оқытушылары және студенттерімен кездесті.
Шараға Шотландиялық «Херриот уатт» университетінің Ақтөбедегі кампусының өкілдері де қатысты. Білім ордасының ұжымы жаңа Ата Заң жобасында адами капиталға басымдық берілгеніне ерекше назар аударды. Ел болашағы үшін маңызы зор құжатта білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің стратегиялық даму бағыты ретінде айқын бекітілген. Коалиция мүшелері бұдан әрі зауыт жұмысшыларымен және өзге де білім ордаларының ұжымымен кездесуді жоспарлап отыр.
Серік Ақылбай «Қазақстан Заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жалпыұлттық коалиция мүшесі:
Білім-ғылымды дамытудың арқасында, интеллектіні көтерудің арқасында біздің экономикамыз да көтеріледі. Халыққа бұл Конституцияның маңызы зор. Біздің жастарымыздың болашағын, мемлекеттің болашағын ойлап жасалып жатқан нәрсе.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28