Ақмола облысында гидротехникалық нысандар жаңартылды
Ақмола облысы бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында тозығы жеткен 17 гидротехникалық нысан қайта жаңғыртылды. Бұл шамамен 100 млн текше метр еріген қар суын қауіпсіз өткізуге мүмкіндік бермек.
Бүгінде Атбасар ауданындағы су тасу қаупі жоғары саналатын Жабай өзенін тереңдету жұмыстары қызу жүріп жатыр. Екі жылда өзеннің 7 шақырымы тазартылған. Қазір бөгет орнату жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ, биыл жыл сайын таситын Есіл, Қалқұтан, Нұра және Шағалалы өзендерінің 60 шақырымы тазартылып, 40 шақырымдық бөгет тұрғызылды. Одан қалды автомобиль жолдарын су басудан қорғау мақсатында 40 учаскеде жол жиегін көтеріп, 325 су өткізу құбыры салынды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28