Өзбекстанда қазақ қолөнері жақсы дамыған
Өзбекстанның елімізбен іргелес Ташкент облысында қазақтар қоныстанған ауылдар өте көп. Мұндағы ағайын салт-дәстүрді берік ұстанып, тілін таза сақтап келеді. Ал, соңғы кездері кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетіп жүрген бауырлас елдің жастары да ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетіне қызығушылық танытуда.
Бұл Ташкент маңында орналасқан Хасанбай ауылының бағы. Ақшаңқан киіз үйлер
сонадайдан көрініп тұр. Экотуризмді дамыту бағытын қолға алған жас кәсіпкерлер
бұл отауларды арнайы тіккен. Түбі бір түркі мәдениеті, оның ішінде қазақтың
киіз үйлері алыс жақын елдерден ағылатын саяхатшыларды қызықтырары анық дейді
олар.
Шухрат Рахимжонов, кәсіпкер:
Қазақтың киіз үйлері туристер үшін таптырмайтын орын. Сүйегі ағаштан жасалғандықтан жазда салқын, экологиялық тұрғыдан таза әрі пайдалы. Ыстықта осы отауларға кіріп, дем алған шетелдіктер қазақ пен өзбек халықтарының ұлттық тағамдарынан дәм татады. Оларды түркі мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыру ниетіміз бар.
Ал мынау қалың қазақ қоныстанған Қойлық елдімекеніндегі тігін цехы. Қазақы
нақыштағы дүниелерге жергілікті өзбек ағайынның да қызығушылығы зор. Ұлттық
киімдер тігетін орында қандастарымыздан бөлек, бауырлас ұлттың өкілдері де
жұмыс істейді. Шапан мен қамзол, оюлы құрақ көрпеше тігеді.
Әлия Бөрібаева, қолөнер шебері, жас кәсіпкер:
Олар қызығады, мынаны былай істейсің деп үйретіп отырамын. «Бұл киім осындай мағына береді, бұл біздің дәстүріміз» десең, таңғалады. Қазақтың салтын керемет сақтайсыңдар, - деп тамсана қарайды. Қазақтың ою-өрнектері өзіме қатты ұнайды. Қолмен жасап, әдемі шықса, ерекше қуанып қаламын.
Өзбекстанда бір миллионға жуық қандасымыз өмір сүріп жатыр. Тоғыз өңірде қазақ
ұлттық мәдени орталығы жұмыс істейді. Кіл қазақтар қоныстанған ауылдарда
балалар қазақ мектептерінде білім алады. Үлкендер жағы өскелең ұрпақты әрдайым
ұлттық құндылықтармен сусындатып келеді.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 18:17
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41