Қызылжарда морж адамдар көбейіп келеді
Петропавлда жасы 70-тен асқан зейнеткерлер қыстың қақаған аязында суатқа шомылып жүр. Бүгінгі күні морждар клубына 200-ге жуық адам мүше. Салауатты өмір салтын ұстанғандар демалыс күндері өзен жағасында жиналуды әдетке айналдырған. Әріптесім Эльмира Кәленова да морждармен бірге суға шомылып көрді.
Эльмира Кәленова, тілші:
Мамандардың айтуынша қыста суатқа түсі үшін алдымен психологиялық дайындық керек. Қазір ауа температурасы -25, ал судың температурасы +2 градусты көрсетіп тұр. Мен қыста суатқа алғаш рет түспекпін.Суық суға күмп бергенде ең алдымен аяқ пен қол тоңады екен. Одан кейін бойың жылынып
Суық суға күмп бергенде ең алдымен аяқ пен қол тоңады екен. Одан кейін бойың
жылынып сала береді. Ең
бастысы – дұрыс тыныс алу. Тәжірибелі морждар қыста суатқа сүңгімес бұрын
денсаулықты жан-жақты тексеріп алу қажеттігін айтады.
Суатқа түсу маусымы қараша-желтоқсан айларында басталады және мұз көбесі
сөгілгенше жалғасады. Бекентай Жәукенов қыста суға түсу арқылы бойындағы бірнеше аурудан
арылғанын айтады.
Бекентай Жәкенов, морж:
-40 градуста суға түстім, былтыр. Биыл да түстік, осы салқындар болғанда. Өте күшті. Өзі екі рет түсемін, біраз жүріп.
Қыста шомылу морждар үшін жай ғана әуестік
емес, өмір салтына айланған. Суық су ағзаны шынықтырып, иммунитетті
нығайтады. Надежда Скрипникова суатқа
түсуді былтыр бастапты. Ол морждардың ең үлкені, ал кішісі 7 жаста.
Надежда Скрипникова, морж:
Өте керемет. Әсіресе денсаулық үшін пайдалы. Адамды жасартады. Сәуірде 72-ге толамын. Бастауға қорықпау керек. Өзіме көп дос таптым. Хамзат Хадизов, морж:«Морж» атанғалы 30 жыл өтті. Соңғы рет пандемия кезінде коронавируспен ауырдым. Оның өзі еш белгісіз өтті. Оның алдында қашан ауырғаным есімде жоқ. Жалпы морждар өте сирек ауырады.
Суық суға шомылуға қызығушылар саны артып келеді, - дейді морждар клубының жетекшісі. Бірі
денсаулығын түзету үшін келсе, енді бірі өзін сынап көруді мақсат етеді.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03