ТМД Байқаушылар миссиясы референдум барысын бақылайды
ТМД Байқаушылар миссиясының Штабы бүгіннен бастап жұмысқа кірісті. Олар 15-наурызда өтетін республикалық референдумның барысын бақылайды. Байқаушылар барлық өңірде болады. Бүгін Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров штаб басшысы Евгений Козякпен кездесті. Онда референдум учаскелерінің дайындығы, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу барысы талқыланды. Референдум күні 10 мың 411 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. 12 млн 416 мың 759 азаматтың дауыс беру құқығы бар.
Евгений Козяк, ТМД Байқаушылар миссиясы штабының басшысы:
Бұл біздің Қазақстанға 19-рет келуіміз. Біз 2001 жылдан бері ТМД елдеріндегі сайлауларды бақылап келеміз, бұл сол уақыттан бергі 133-миссиямыз. Біз комиссиялардың дайындық жұмыстарын, дауыс беру процесін бақылаймыз. Байқаушылар тек Астанада ғана емес, барлық өңірде жұмыс істейді. Бақылау жұмысы бейтарап әрі әділ жүргізіледі.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17