«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты алаңында жаңа Конституция жобасы талқыланды
Жаңа Конституция жобасы - әр азаматтың, соның ішінде әрбір әйелдің күнделікті тұрмысына тікелей ықпал ететін маңызды құжат. Ол қыз-келіншектердің саяси белсенділігін арттырып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді. Алматы қаласында «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты алаңында өткен отырыста осы құжаттың мән-маңызы жан-жақты талқыланды. Жиында сөз сөйлеген Сенат депутаты Нұрия Ниязованың айтуынша, Конституция жобасы әйелдер үшін айрықша маңызға ие. Талқылау барысында құжаттағы тең мүмкіндіктер қағидаты, отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау мәселелері сөз болды.
Қарагөз Сүлейменова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Біздің Ата заңымызда тек қана ер мен әйелдің арасындағы неке заңды деп айтылған. Табиғатты аялау, экологияға мән беру – осының барлығы Ата заңымызда айтылып жатыр. Бұл қуантатын дүние. Бүгінгі күн тәртібіне, заманға, дамуымызға байланысты Конституциямыз өзгеріп жатыр.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28