Басты Жаңалықтар Афинада ғұлама ұстаз әл-Фараби жайлы ғылыми конференция өтті

Афинада ғұлама ұстаз әл-Фараби жайлы ғылыми конференция өтті

Афинада «әл-Фараби және грек философиясы» атты халықаралық конференция өтті. Шараны еліміздің Грекиядағы елшілігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірігіп ұйымдастырды. Басқосуды ашқан Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин әл-Фараби мұрасы Шығыс пен Батыс арасындағы идеялар сабақтастығы мен рухани байланыстың символы екенін атап өтті.  Қос елдің ғалымдары әл-Фарабидің мұрасы жайлы және ойшылдың еңбектеріндегі Платон мен Аристотель философиясының жүйелеп түсіндірілуі туралы баяндамалар жасады. Шара барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Афина ұлттық және Каподистрия университеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Георгиос Стейрис, Афина ұлттық және Каподистрия университеті философия кафедрасының меңгерушісі, профессор:

Меморандумға қол қойылуы - Қазақстан мен Грекия университеттері арасында кең ауқымды ынтымақтастықтың бастамасы деген сенімдеміз. Бұл - білім беру, зерттеу жаңа мүмкіндіктер ашады және көптеген қазақстандық студентке Грекияның білім беру бағдарламаларын пайдалануға септігін тигізеді.


Бөлісу