Жетісуда Конституция жобасы талқыланды
Талдықорғанда «Жаңа прогрессивті Конституция – бірлігіміздің тірегі» тақырыбында кездесу өтті. Жиында облыс әкімі Бейбіт Исабаев жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын атап өтті. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалады. Зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен кездесуде өңір басшысы «Тәуелсіздік, аумақтық тұтастық және бірлік өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітіледі. Бұл өзгерістер еліміз үшін маңызды»,-деді.
Ермек Бөрібаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры:
Президентіміз өзінің бастауынан 2019 жылдан бері осы ғылым, білім, инновация деп барлық Жолдауларында, Құрылтайларда көтеріп келе жатыр. Бірақ осы Коституцияға кірген норма ретінде мұның ар жағында үлкен жалғасы болады деп ойлаймын. Біріншіден, арнайы бағдарламалар қабылданады. Ол білімнің, ғылымның, инновацияның дамуына үлкен серпіліс береді.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27