ITMLab ұлттық жобасының екінші маусымы аяқталды
Мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартатын технологияларды әзірлеуге арналған ITMLab ұлттық жобасының екінші маусымы аяқталды. Бағдарлама ITeachMe қорының бастамасымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолдауымен жүзеге асырылды. Финалда әр өңірден келген 10 команда дайын әрі сынақтан өткен технологиялық шешімдерін таныстырды. Олар ITMLab алаңы арқылы өз бастамаларын дамыту үшін инвесторлар табуға және әзірлеген өнімдерін алдағы уақытта нарыққа шығаруға мүмкіндік алады. Қатысушылар алдын ала іріктеуден өтіп, жобаларын дамыту үшін 600 мың теңгенің грантына ие болған.
Асқарбек Ертаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдарға жаңадан технологиялық шешімдер аз. Соны көбейту жағынан біз осындай жыл сайын әр облыстардан шақырып, келіп осындай шараларды жасаймыз. Соларды енді қолдап тек грант емес, жалпы менторлық көмекті көрсетеміз. Менторлық көмек деген ол ары қарай іске жүзеге асыру жағынан көмегін жасаймыз. Ол үшін біз деген жұмыс берушілерді де шақырамыз осындай шараларға. Олар да өз жағынан қарап, сондай жастарды тартады.
Тараздық Қанат Тәжіхан NextAbility жобасын таныстырды. Жасанды интеллект
элементтері бар интерактивті капа-арбада отыратын, қол-аяғы істемей қалған
адамдар үшін пайдалы болады, дейді. Құрылғыны тіл мен бас қимылы арқылы
басқаруға болады. Бірегей жоба патенттелген.
Қанат Тәжіхан, «Umit» жобасының авторы:
Әзірлеуге 1 жыл уақыт кетті. Брекеттен кейін киілетін капаларды, яғни біз сол технологияны алып, соларға датчик, сенсорларды салып қаптаймыз. Ал ішіндегі датчик, сенсорлар, аккумуляторлар арнайы сондай материалдар таңдалған адамға зиян келтірмес үшін... және де біз қазіргі таңда жаңа өнім ретінде шығардық. Енді оңалту орталықтарына, тестілу орталықтарына барып оларға беріп лицензия алатын боламыз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16