Щучинск қаласында дәмханадағы жарылыс кезінде 7 адам қайтыс болды
Ақмола облысының Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша жарылыс түнгі 22:00 шамасында болған. Салдарынан 7 адам қаза тапты. Барлығы 27 адам зардап шеккен. Оқиға орнына 5 минутта жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған ғимараттан 10 адамды құтқарып үлгерді. Сондай-ақ 8 газ баллонын шығарған.
Елдос Рамазанов, облыс әкімінің бірінші
орынбасары:
Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Осы жерде қазір барлық жедел қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Қайғылы оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандардың отбасына Ақмола облысының әкімдігі тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Жаңа ғана келіп түскен ақпарат, қаза болған 7 адамның
5-і әйел, 2-і ер адам. Барлығы дәмхана қызметкерлері. Оның ішінде 16 жастағы
жасөспірім бар. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан 8 7162 51 42 98 нөмірі бойынша жедел желі ашылды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28